12-11-21 |
1550 рет қаралған
Түркістанда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды.
Түркістанда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан шағын кәсіпорындарды жеделдетіп және кедергісіз өткізгені үшін және кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алғаны үшін Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері істі болды.

Шенеуніктер Шымкент қалалық Ішкі істер бөлімінің изоляторына қамалған.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпаратты жария етуге болмайды деді ведомство өкілдігі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.