23-11-21 |
1070 рет қаралған
Назарбаев «Нұр Отанды» Тоқаевқа беріп, үкімет ауысуы мүмкін….
Назарбаев «Нұр Отанды» Тоқаевқа беріп, үкімет ауысуы мүмкін…

Бүгін, 23 қараша Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Осы отырыста билік басында бірқатар өзгеріс болады деп болжанып жатыр. Сондай болжамның бірін «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков жазды.

Мәселен, 20 жылға жуық Nur Otan партиясы  басқарып келе жатқан экс-президент Н.Назарбаев партияны басқаруды президент Тоқаевқа беруі мүмкін. Партия төрағасы ауысса, төрағаның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те қызмет ауыстырып, вице-премьер атанып шыға келуі ғажап емес.

Козачковтың жазуынша, жаңа премьер-министр қазіргі бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов болады-мыс. Бұған дейін ұзынқұлақтың сыбысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев үкімет басқаруы мүмкін дескен. Ал Асқар Мәмин «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқаруға кетуі мүмкін екен.

Егер үкімет ауысса, онда әкімдер мен министрлер де ауысуы бек мүмкін. Әкімдер ішінен зейнеткер Даниал Ахметов пен Амандық Баталов бірінші болып кететін шығар. Қалай десекте билік жаңа өзгерістер болмасы анық. Өзгеріс дегеніміз баяғыдан келе жатқан ескі кадрлардың кезекті орнын ауыстыруы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.