26-11-21 |
1890 рет қаралған
Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға абақтыға қамалды.
Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға абақтыға қамалды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын басқарып, жүздеген адамды тақырға отырғызған тұрғынға сот үкімі шықты. 38 жастағы айыпталушы алты жарым жылын түрмеде өткізеді.

Сотталушының 2020 жылы Ақтөбеде «Golden city» қаржы пирамидасын құрып, оған мыңдаған адамды тіркегені анықталды. Ұйым небәрі бір-ақ ай жұмыс істеген. Салымшылар 300 мың теңгеден бастап, үш миллион теңгеге дейін ақша салған. Алайда басшысы бір түнде бар қаржыны алып қашып кеткенімен, кейін ұсталды. Ер адам сот отырысында кінәсін толық мойындаған.

«Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге коммерциялық мекемелерге басшылық лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің пайдасына 70 миллион 350 мың теңге өндірілді», – деді Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.