Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы желтоқсан айында болған Жаңаөзен оқиғасына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Оливер Стоунның «QAZAQ: Алтын адам тарихы» жобасының екінші бөлімінде айтылды.
«Бұл – Әблязовтың ісі. Мейрам кезінде алаңда жүрген адамдарға шабуыл жасау. Зерттеу жүргіздік, қазір біз барлығын білеміз. Ақша берген, тіпті мұнайшылардың жұмыс киімін кигізіп, араққа мас қылған. Молотов коктейлін дайындап қойған. Тәуелсіздік күні. Концерт өтіп жатқан алаңда адамдар тұрған. Олар бұл эстраданы қиратты. Мұнымен тоқтамай полиция кеңсесіне бет алған. Қарудың қайда екенін іздеген», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол барлығы қарсы болса да қалаға ұшып келгенін айтты.
«Түнде тікұшаққа мініп, бірден сол жаққа ұштым. Таңертең қирандыларды көрдім. Дүкендер мен почта өртенген, полиция кеңсесі бұзылған. Тұрғындарды залда жинауды сұрадым», – деп қосты Елбасы.
Фильмде Жаңаөзенде өткен жиналыстан үзінділер көрсетілген.
«Неліктен біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында, Қазақстанды әлем таныған кезде Жаңаөзенде осындай оқиға болды. Бұл күні кінәсіз адамдар ажал құшты. Мен көңіл айту үшін келдім», – дейді Назарбаев мұрағаттан алынған видеода.
Жиналыс кезінде Тұңғыш Президент жағдайды толығымен зерттеп, кінәлілерді сотта жазалауға уәде берген.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024