Мемлекеттік қызметке бизнестен келген Ақтөбенің әкімі барлық шаруашылығын әйелінің атына жазған.
Мемлекеттік қызметке бизнестен келгенін және тоқсаныншы жылдары кәсіпті «ұршықша иіргенін» жиі айтатын Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Arasha.kz тілшісі қойған сұрақтарға жауап берді. Кезінде жолы болғыш бизнесмен, қазір мемлекеттік қызметші атанған азаматтың сол кездегі бизнестері қазір қайда? Әкімнің отбасы мүшелерінің атында қанша шаруашылық бар?
«1991 жылы енді бизнеске кірісіп жүрген азаматтар едік. Көз алдымызда: отыз жылдың ар жағында қандай проблемалар болды, қазір қандай мүмкіншіліктеріміз бар. 1990 жылдың 19 қырүйегінде Ақтөбедегі педогогика институтының ағылшын тілі кафедрасында сабақ бердім. Комсомолда комитет хатшысы болдым. Кеңес үкіметінің кезі. Сол кезде қоғамда болып жатқан өзгерістерді сезіп, бағыт-бағдарды түсінгендей болып, қызметтерді тапсырдық.
Тоқсаныншы жылдардан бастап бизнес саласында он жыл бойы жұмыс істедік. Өзімізге біраз табыс табатындай жағдай жасадық. «Рика ТВ» телеарнасының негізгі қалаушыларының бірі өзім болдым. Ол жерде табыс таптық. Ал қазір компания үлкен ақпарат құралына айналды. Дегенмен уақыт келгесін өз үлестерімізді өткіздік. Кейін «Банк – РИКА» АҚҚ басқарма төрағасы қызметінде жүрдім. Оның да табысы жаман болған жоқ. «Облтрансгаз» ЖАҚ басшысы болдым. Жалпы бизнесте жүргенде жағдайым жаман боған жоқ. Табысым шүкір. Оның үстіне бірнеше компанияның акцияларын сатып алып, пайдаға асырған жағдайлар болды. Өзімізге тиісті рәсімделген дүниелерімізді мемлекеттік қызметке ауысқанда заң бойынша жолдасымызға тапсыруға тура келді. Қазіргі уақытта сол мекемелердің үлесін сол кісіге тапсырдық. Өзі шаруашылықты жүргізіп жүр»,-деді Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар, облыс басшысы 20 жыл бұрын салған үйінде әлі де тұратынын айтты.
«Тоқсаныншы жылдардың аяғыда салған үйімізде тұрамыз. Ол үйде жалғыз мен тұрмаймын. Ол жерде 4-5 адамның пәтері бар. Үй құрылысын 1998 жылы бастап, 2000 жылы кірдік. Астана қаласына жұмыс бабымен барғанда қызметтік пәтер алдық. Оны да тапсырдық»,- деді әкім.
БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдің дамуы, саяси ахуал, әлеуметтік проблемалар талқыланды.
Айта кетейік, Ақтөбе әкімі кеше 190 орындық перинаталдық орталықтың ашылуына қатысты.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024