20-12-21 |
2170 рет қаралған
Елімізде әуежайға жеке куәлік апарудың қажеттілігі болмайды.
Енді Қазақстанның барлық әуежайында eGov Mobile цифрлық құжаттар сервисі енгізілді. Ішкі әуе рейстерді пайдаланатын жолаушылар жеке деректерді растау үшін мобильді қосымша арқылы цифрлық жеке куәлікті көрсете алады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда цифрлық жеке куәлікті көрсету үшін eGov mobile-да авторизацияланған пайдаланушыға «цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет.
Әуежайдағы тіркеу аймағында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-кодты смартфон экраны арқылы көрсету қажет.
Ішкі рейстерде сандық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі министрліктердің, авиациялық әкімшіліктің, әуе компаниялар мен әуежайлардың жүйелерін біріктіру арқылы пайда болды.
Соңғы мақалалар.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.