31-12-21 |
2070 рет қаралған
Үй жануарларын тіркеу міндеттеледі: Тоқаев жануарларды қорғау туралы заңға қол қойды.
Үй жануарларын тіркеу міндеттеледі: Тоқаев жануарларды қорғау туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заңға қол қойды. Осы құжатпен қатыгездік пен жауыздық үшін жаза күшейтіліп отыр, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген ресми хабарламада.

Заңға сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарау әрекеттерін бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да жолдар арқылы насихаттауға тыйым салынады. Ол үшін 1000 АЕК-ке (2 917 000 теңге) дейін айыппұл салу, бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейін айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша жануардың мертігуіне әкеп соққан қатыгездік үшін 120 АЕК-ке дейін (биыл 350 040 теңге ) айыппұл және 30 тәулікке дейін қамауға алу, ал жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездік әрекет үшін 200 АЕК-ке дейін (583 400 теңге) айыппұл және 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы енгізілген.

Заңға сәйкес, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын тіркеуге қою міндеті енгізіледі. Ал әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар болса, есепке алу шаралары бюджет есебінен атқарылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.