13-01-22 |
1610 рет қаралған
Қазақстан прокуратурасы бақылауды күшейтті.
Қазақстан прокуратурасы бақылауды күшейтті

Қазақстан прокуратурасы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видео және фото материалдарды қабылдауға дайын. 

 

«Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты. Бұл сайтта азаматтар биылғы террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады», – делінген Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінде.

Сайтта екі функция ғана бар. Алдымен қаланы таңдау керек. Одан кейін фото-видео жүктеледі. Бірден бес файлға дейін жіберуге болады.

«Егер қолыңызда Алматы және басқа да қалалардағы оқиғалар орнында түсірілген (телефоныңызға, видеобақылау камерасына, авторегистраторға жазылған) фото, видео немесе аудио материалдар болса, бізге жіберуіңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Ал файлдарды жүктеу мүмкін болмай жатса, 115 номеріне хабарласу керек.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар арқылы сәйкестендіруді бастап кетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.