Назарбаевтың күйеу балалары – Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов қызметтерінен кетті.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта олар өз арыздары негізінде қызметтерінен босатылған.
«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, К.К.Шарипбаевтың арызы негізінде, оның «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Д.Г. Досановтың арызы негізінде, оның «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды»,-делінген ақпаратта.
Қайрат Шәріпбаев Н.Назабаевтың үлкен қызы – Дариға Назарбаеваға үйленген соң, қызметі тез өсіп, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болған еді. Ал Димаш Досан Назарбаевтың кенже қызы – Әлия Назарбаеваға үйленген соң, қызметі бірден өсіп, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры болған еді.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024