18-01-22 |
1490 рет қаралған
Бауыржан Байбек Назарбаев туралы айтты.
Бауыржан Байбек Назарбаев туралы айтты

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Н.Назарбаев туралы айтты.

«Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді, бірақ ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Ең қиын кезеңде, яғни біз мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба деген сонау алмағайып 90-шы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, етек-жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасы мен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі ұлт тарихында өзінің оң бағасын алары сөзсіз. Ал, осы жылдары кетеуі кеткен дүниені тезірек түзеуіміз керек. Ол – сөзсіз. Президент жариялаған реформалардың да мәні осы. Бірақ, Мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын», – деді ол 18 қаңтарда өткен партия жиналысы барысында.

Оның айтуынша, қазір Назарбаев туралы небір пікір айтушылар көбейген. Тарих безбеніне салсақ, кез келген оқиғаның, не тұлғаның өткендегі рөліне бірыңғай оң не болмаса тек қана теріс деп баға беруге болмайды. Мысалы, Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік туралы да қарама-қайшы пікірлер көп. Бірақ, ол замануи түрік мемлекетінің негізін қалаушы тарихи тұлға болып қала бермек.

Назарбаев көптен бері ел алдына шыққан жоқ. Қаңтар оқиғасынан соң оның туыстары қызметтерінен кетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.