19-01-22 |
1170 рет қаралған
Тоқаев: Қару-жарақтың дені 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника.
Тоқаев: Қару-жарақтың дені 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника

Президент Тоқаев әскери қару-жарақтың ескіргенін, совет кезінен қалғанын айтты.

«Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет, – деді президент жаңа қорғаныс министрін таныстыру кезінде.  

Мемлекет басшысы әскердің шұғыл әрекет ету қабілетін артырып, әскери-транспорттық авиацияның әлеуетін күшейту қажет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, әскери борышты өтеу міндетінің беделін көтеріп,  абыройын арттыру қажет.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.