24-01-22 |
1550 рет қаралған
«Самұрық-Қазына» Қазақстан азаматтарына активтерін беруге дайын.
«Самұрық-Қазына» Қазақстан азаматтарына активтерін беруге дайын

Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін желіде жазба қалдырды. «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бағдарламасының жобасы дайындалып жатқанын атап өтті. Айтуынша, қор реформалау бағдарламасына нақты, әрі тиімді ұсыныстар бере алатын азаматтармен диалог орнату дайын. 

«Ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік пен жемқорлыққа қарсы күрес басты қағидаттар ретінде белгіленді. Қазақстан азаматтарына ұлттық байлықты әділ бөлу элементі ретінде Қор активтеріне иелік етуге тікелей қатысу мүмкіндігін беру, менің ойымша, бетбұрысты кезең болады», – деп жазды Сатқалиев желіде.

«Самұрық-Қазына» Қазақстан азаматтарына Қор активтерін тікелей иеленуге мүмкіндік беретін хабарлады.

«Ұлт байлығын әділ түрде барша халыққа үлестіріп беру – біздің басты мақсатымыз. Біз бизнес-процестер мен Қордың компаниялар тобындағы корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауды ұсынамыз. Есеп беру мен басқару тетіктері басқаша болады. Мұнай, газ, көмір, тасымалдау мен ұқсату, электрқуатын өндіру, телекоммуникациялар және басқа да салалардағы қатынастарды жаңалауға бет аламыз”, – дейді Алмасадам Сатқалиев.

Сатып алулар жүйесін түбегейлі өзгертіп, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау механизмдерін күшейту жоспарлануда.

Сатқалиев бұл мәселелер 26 қаңтарда ашық диалог форматында бизнес қауымдастықпен талқыланатынын жеткізді. Әлеуметтік желілерде онлайн трансляция жүргізіледі.

«Біздің бағдарлама бекітілген жағдайда, мен оны сәтті енгізуге және орындауға дайынмын», – деп сендірді қор басшысы.  

Қазақстандықтар қорды реформалауға қатысты ұсыныстарын корпоративтік поштаға usynys@sk.kz жолдай алады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.