25-01-22 |
1410 рет қаралған
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қызметтен босатты.
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қызметтен босатты

Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда. 

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясын 2016 жылдан бері басқарды.

2021 жылы қыркүйекте президенттің жарлығымен ол ОСК төрағасы лауазымына қайта тағайындалды.

Берік Мәжитұлы Имашев 1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында туған. 1982 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.

Әр жылдары әділет министрі, президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.