«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының бұрынғы президенті, белгілі кризис-менеджер Мұхтар Жәкішев «Байтасов LIVE» Youtube каналына қаңтар трагедиясы туралы кең көлемді сұхбат берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
«Тек бір жағдайда ғана. Егер менің қызметім шынымен де реформаларға жол ашатын болса, барамын. Ал егер халық сенім артатын адамның символы ретінде жұртты тыныштандыру үшін шақырса, тек осындай мотивпен ұсынса, «жоқ» деп айтамын. Үзілді-кесілді келіспеймін. Менің қолымда білім мен репутациям ғана бар. Сол білімім мен репутациямды жұмыс жүріп жатқандай елес туғызуға немесе қызмет үшін жұмсағым келмейді. Мені қызмет те, лауазым да қызықтырмайды. Ешқашан қызықтырған емес. Қазіргі жағдайда тіптен қызықты емес. Егер менің қызметке баруым елдің пайдасына қызмет етсе, жылдам реформаға әкелетін болса, иә, мен дайынмын. Ал мұның бәрі құр сөз ғана болып шықса, ешқандай жағдайда келіспеймін. Оған уақыт шығындағым келмейді», – деді Мұхтар Жәкішев.
Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасы қоғамды бөлшектеп кеткенін, реформа жасау үшін қоғамның тұтасуы керектігін де айтқан.
«Бұл оқиғалармен байланысты тағы бір орасан проблема бар. Ол – қоғамның ыдырауы. Осы оқиғалардан кейін біз білімі барлар мен білім жоқтар деп, қалалық, ауылдық, қала маңындағылар деп, маргниалдар мен бақуаттылар деп бөлінетін болдық. Құқық қорғаушылар бір жақта, ереуілшілер бір жақта, бейбіт тұрғындар бір жақта қалды. Елде қандай да бір реформа жүргізу үшін қоғамның топтасуы керек деп ойлаймын», – деді Жәкішев.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024