25-02-22 |
1490 рет қаралған
Дариға Назарбаева депутаттық мандатын тапсырып, мәжілісте сөз сөйлейтіні туралы ақпарат тарады.
Дариға Назарбаева депутаттық мандатын тапсырып, мәжілісте сөз сөйлейтіні туралы ақпарат тарады

Назарбаевтың үлкен қызы – Дариға Назарбаева депутаттық мандатын тапсыры, мәжілісте сөз сөйлейтіні туралы ақпарат тарады

Тараған ақпаратта Назарбаеваның мәжілісте айтатын сөзі де жарияланды.

«Бүгін мен Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігімді тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-қайырымдылық шараларға толықтай жұмылу туралы шешім қабылдадым.
Nur Otan партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, маған сенім артқан партияластарыма, ел басшылығына алғыс айтамын», – деді Дариға Назарбаева.
Ол қайғылы қаңтар оқиғасы туралы айта келе, ел мүддесіне қызмет ететінін, ол үшін лаузым қажет емес екенін айтты.
«Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағын паш етуіміз керек. Мен еліме, оның мүддесіне қызмет ете беремін. Ал бұл үшін лауазым қажет емес», – делінген ақпаратта.

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев әулеті биліктегі барлық қызметтерден кетті. Бірақ Назарбаева ғана депутаттық мандатын тапсырмаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.