10-03-22 |
1610 рет қаралған
Сыртқы істер министрі Зюгановтың айтқаны пікір білдірді.
Сыртқы істер министрі Зюгановтың айтқаны пікір білдірді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей компартиясының жетекшісі Зюгановтың айтқанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ulysmedia хабарлайды.

«Зюгановтың сөйлеген сөзіне қатысты мынаны айтқым келеді. Біріншіден, ешқандай ресми наразылық болмайды. Зюганов өзін іс басындағы билік партиясына оппозиция ретінде көрсетіп жүрген РФ Коммунистік партиясының жетешісі саналады. Оппозиция барлық уақытта да іс басындағы биліктің ресми ұстанымынан өзгеше пікір білдіріп, сөз сөйлейді, тіпті оған кереғар келіп те жатады. Зюгановтың сөйлеген сөзін Ресейдің бірде-бір федералды каналы көрсеткен жоқ», – деді Мұхтар Тілеуберді.

Бұған дейін Ресей коммунистік партиясының жетекшісі Зюганов Қазақстанға қатысты арандатушылық сипаттағы мәлімдеме жасаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.