17-03-22 |
1480 рет қаралған
Байден: Путин әскери қылмыскер.
Байден: Путин әскери қылмыскер

АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинді «әскери қылмыскер» санайтынын айтты.

Мұндай сөзді ол журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтқан. Бұл сөзге Ресей президентінің баспаөз хатшысы Песков үн қатып: «Мұндай риториканы кешіруге және жол беруге болмайды деп санаймыз» деді.

Бұған дейін АҚШ сенаты арнайы резолцтя қабылдап, онда да Путинді әскери қылмыскер деп атаған еді.

Ал БҰҰ Халықаралық соты 16 наурызда Ресей билігі Украинадағы соғысты тоқтатуы тиіс деген қаулы шығарды. Сот сонымен бірге Ресей мен Киевтен қақтығысты ушықтыруы мүмкін қадамдарға бармауды талап етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.