25-03-22 |
980 рет қаралған
Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери мәселелер талқыланды.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери мәселелер талқыланды

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери ведомствода Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен протоколдық кездесуі өтті.

Тараптар бес жылдық жоспар шеңберінде бітімгершілік және тілдік даярлық, мамандарды оқыту салаларындағы екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылымен қатар ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.