Өткен аптада, 6 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясы ««Жаңа Қазақстанда жаңа ұлт болмысын қалыптастыру үрдістері» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысын өткізді. Жиналғандар ұлт құру үрдістері бойынша пікірлерімен алмасқан. Сонымен, ассамблея қандай ұлт құрмақшы?
Ассамблея даулы ұйым. Мәселен, ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, 1991 жылдан бері Қазақстанда 12 ұлтаралық қақтығыс болған. Бұл қақтығыстардың бәріне билік тұрмыстық сипат беріп, ұлтаралық қақтығыс деуден қашты. Ал, ассамблеяның негізгі мақсаты – ұлтаралық татулықты сақтау, мемлекеттің ұлттық саясатын анықтауға үлес қосу. Алайда, ұлтаралық қақтығыстар кезінде ассамблеяның қауқарсыздығы анық көрінді. Қоғам сеніміне ие емес ұйымды тарату туралы да көп айтылған. Дегенмен билік әлі де бұл институтты ұстап отыр.
Әуел баста 1995 жылы Н.Назарбаев бұл ұйымды бір адамға тәуелді билік жүйесін қалыптастыруға арналған құрал есепті құрған. Кейін ұйымға конституциялық мәртебе берілді. Ұйым Назарбаевтың биілігін ұзартуға қатысты көп бастамалардың басында тұрды.
Ал Тоқаев билігіне ассамблея не үшін керек? Ұйым ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуда ешқандай қауқары жоқтығын дәлелдеген. Демек ұйымның қажеттілігі жоқ. Қазақстан билігінің түрлі бұтақтарында, сайланбалы органдарында елде тұратын диаспора өкілдері онсыз да бар және олар Қазақстан азаматы ретінде сайлауға қатысуға, сайлануға, мемлекеттік қызмет істеуге толық қақылы. Ендеше, есі ұйымды ұстап, оны бюджеттен қаржыландырып отырудың керегі бар ма?
Көп сарапшылар түрлі БАҚ беттерінде ассамблеяның билікке қажетті ғана қуыршақ ұйым екенін айтып келеді.
Біздің ше, ассамблея Тоқаев билігі үшін де сайлауға қажетті құрал болатын секілді. Ал президент сайлауы 2024 жылы өтеді.
Айтпақшы, 29 cәуірде ассамблеяның «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты 31-ші сессиясы өтеді.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024