17-06-22 |
1370 рет қаралған
Қошанов суармалы шаруашылықта шешілмеген мәселенің шеш етектен екенін айтты.
Қошанов суармалы шаруашылықта шешілмеген мәселенің шеш етектен екенін айтты

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов суармалы жерді дамытуға ирригация жүйелерінің тозуы кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлер негізгі су тұтынушы болып саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан 2030 жылға дейін суармалы жердің көлемін 3 млн гектарға дейін жеткізуі керек. Алайда суармалы егіншіліктің одан әрі дамуына ирригация жүйелерінің тозуы кедергі келтіріп отыр. Елімізде гидротехникалық құрылғылардың 90 пайызының техникалық жағдайы төмен. Сол себепті тұтынушыға тасымалдау кезінде су шығыны едәуір артты. Сондықтан гидротехникалық құрылғыларды жаңғырту керек», – деді Е.Қошанов Мәжілістегі парламенттік тыңдау барысында.

Кемшіліктер мұнымен шектелмейді. Су үнемдейтін технологияларды енгізудегі кемшіліктер де байқалады.

«Мемлекет басшысы су үнемдейтін технологиялар енгізуді ынталандыру, су тұтынуды реттеу үшін су мониторингінің автоматтандырылған жүйесі қажет екенін айтқан болатын. Былтыр 248 мың гектар алқап су үнемдейтін технологиямен жабдықталған. Бұл көрсеткіш жеткіліксіз екені түсінікті. Бұдан басқа, дамыған елдердегідей су тұтыну мәдениетін қалыптастыру керек», – деді Е.Қошанов.

Мәжіліс төрағасы көрші мемлекеттермен арадағы су саясаты туралы пікір білдірді.

«Ішкі су саясаты күшті болмаса, көрші елдермен тиімді су дипломатиясын жолға қою мүмкін емес. Қазақстан аумағының сумен қамтамасыз етілуі өзен ағысы бойынша жоғары орналасқан көрші мемлекеттердің су саясатына байланысты. Сондықтан трансшекаралық нысандарды бірлесіп пайдалануға, мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіруге экологиялық қана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі ретінде қараған жөн. Көрші елдермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі фактор болуы тиіс», – деді Мәжіліс төрағасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.