24-06-22 |
1710 рет қаралған
Біртановқа қатысты сотқа Мамин, Тоғжанов, Дүйсенова шақырылады.
Біртановқа қатысты сотқа Мамин, Тоғжанов, Дүйсенова шақырылады

Сот бұрынғы министр Елжан Біртановтың өтінішін қанағаттандырды. Экс-министр Асқар Маминнен бастап, бірнеше лауазымды тұлға сотта куәгер ретінде жауап береді.

Асқар Мамин сот отырысында бұрынғы денсаулық сақтау министрінің Жамбыл облысына қызметтік іссапары, оның ішінде Нұр-Сұлтанға санавиация бортымен қайтып келуі бойынша жауап бермек.

Ал қазіргі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов былтыр Қазақстандағы Хорватия елшілігінің, Эриксон Никола Тесла компаниясының өкілдері мен Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері өкілдерінің қатысуымен өткен келіссөздері туралы айтады.

Тамара Дүйсенова да алдағы сот отырысына келеді. Қазіргі Еңбек министрі бұрынғы жұмысындағы келіссөздер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ал Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннен сот  2020-2022 жылдарға арналған платформаны енгізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы жасаған бұйрықты сұрамақшы.

Сондай-ақ, «Халықаралық Қайта құру және даму банкінің» мамандары да сотқа шақырылған.

Бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты сот Елордада былтырдан бері жүріп жатыр. Тергеу органдарының мәліметінше, Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев жұмыс істемейтін платформаны қабылдаған. Сондай-ақ, бір жылдан бері тергеліп жатқан экс-министр 2020-ші жылғы маусымда Тараздан Нұр-Сұлтанға ұшу үшін санавиация ұшағын пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.