27-06-22 |
2110 рет қаралған
Атырауда бес адам жол апатынан қаза болды.
Атырауда бес адам жол апатынан қаза болды

Атырау облысында республикалық Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолының 31-ші шақырымында жол апатынан бес адам қаза тапты.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған.

Тас жолда Toyota Hiluxe мен Hyundai Tucson соқтығысқан. Оқиға салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 1985 жылы туған жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Toyota Hiluxe көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.