04-08-22 |
1700 рет қаралған
Енді полиция стихиялы базарларға айыппұл салып, жауып тастай алады.
Енді полиция стихиялы базарларға айыппұл салып, жауып тастай алады

Бұл туралы Алматы әкімі Бостандық ауданы тұрғынадарымен кездесу барысында айтты. Оның айтуынша, қағидалар әзірленіп, Әділет министрлігіне қарауға жіберілген. Ол бекітілген соң 10 күннен кейін жаңа ережелер дереу күшіне енеді.

Аудан тұрғыны сұрақ қою кезінде көше бойындағы жабайы базарды иесіз әрі антисанитарлық жағдайда екенін айтты.

«Ұйымдастырылмаған саудаға қатысты жаңа ережелерді қабылдаймыз, біз оны әзірледік. Қалалық ішкі істер департаменті айыппұл салып, стихиялы базарларды жауып тастай алады. Қағидалар әзірленіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарауға жіберілді. Ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін олар осы ережелер бойынша шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Бекітілгеннен кейін 10 күннен соң жаңа ережелер дереу күшіне енеді. Ереже бекітілгеннен кейін, қала әкімдігі мен полицейлер тек Бостандық ауданының аумағында ғана емес, бүкіл қала көлемінде заңсыз стихиялық саудамен күресетін болады», – деді Ерболат Досаев.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.