19-11-24 |
2670 рет қаралған
Семейде дүкендегі тонау видеоға түсіп қалды.
Семейде дүкендегі тонау видеоға түсіп қалды

Семейде тонау қылмысы видеоға түсіп қалды,күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қаладағы дүкендердің бірінде тонау қылмысы болды. Ер адам күш қолданып, тоңазытқыштан екі бөтелке сыраны алып кеткен. Дүкен қызметкерлері оны тоқтатпақ болғанымен, қаскөй қашып үлгерді.

Полицейлер жедел әрекет етіп, “Сергек” жүйесінің көмегімен күдіктінің жеке басын анықтады. Көп ұзамай 44 жастағы күдікті қолға түсті.

Енді ол өз әрекеті үшін Заң алдында жауап береді. Күш қолдану арқылы тонау ісі бойынша ер адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.