Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берген. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.
Порталдың Түркиядағы дереккөзі таяуда Бекболат Тілеуханның Ыстанбұлдан 6 бөлмелі пәтер сатып алғанын хабарлады.
Айта кетсек, 2021 жылғы 29 желтоқсанда мәжіліс Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты. ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, депутаттың өзі кету туралы өтініш берген. Оның өтінішін депутаттардың барлығы бір ауыздан қолдады. Сондай-ақ ол Қазақстаннан кетпейтінін де айтқан.
Бекболат Тілеухан 1966 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-металлург және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясын орындаушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары өнер саласында оқытушы болып істеді, президент оркестріне жетекшілік еткен. Мәдениет министрлігінде түрлі қызмет атқарды, мәдениет вице-министрі болды. «Нұр Отан» партиясы атынан мәжілістің үшінші, төртінші,алтыншы және жетінші шақырылымына депутат болып сайланған.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
18.11.2024