Бұл жолы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнында мұнай мен газды барлау мен өндіруді жүзеге асыратын «Phystech II» АҚ қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етті.
Қазақстан Президентіне үндеу жолдаған олар еңбекақыны 100% өсіруді сұрап отыр. 112-ден 180 мың теңгеге дейін жалақы алады. Облыс пен ел басшылығынан мұнайшылар жалақыны талап етті, деп жазды inbusiness.kz.
«Қазір барлық өнім қымбат. Әлеуметтік жағдайымыз төмендеп барады. Біз 112- 180 мың теңге аралығында жалақы аламыз. Бұл жеткіліксіз. Сондықтан да еңбекақыны екі есе көтеріп, яғни 100% өсіруді сұраймыз. Кәсіпорын басшылығы біздің талаптарымызды елемейді. Егер талабымыз орындалмаса, ереуілді жалғастыруға мәжбүрміз. Жұмыс беруші тарапынан қудалау болмауын талап етеміз», – дейді жұмысшылар.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024