Бүгінгі таңда «қырсық бала» деген сөзді ел ішінде жиі пайдаланатын болдық. Тіпті, «қырсықтық туа бітеді» деп жатады. Бірақ біз осының түбіне үңілмейміз, керісінше біреуге жамап қойғанды жақсы көреміз. «Әкесіне тартқан қырсық, анасына тартқан қырсық, нағашыларына тартқан қырсық» деген секілді қырсықтықты біреуге жамап қойғанды ұнатамыз. Бірақ шындығына келсек, қырсықтық туа бітетін қасиет емес, яғни әкесі қырсық болды екен деп баласы да қырсық болатынын білдірмейді. Мұндай ұғым негізінен дұрыс емес. Яғни, қырсықтық ол ген арқылы өтетін қасиет деп айта алмаймыз. Жалпы алғанда, бала тәрбиесінде педагогикада қырсықтық деген ұғым жоқ. Тіпті, қырсық бала деген ұғым жоқ.
Біздің қырсықтық деп айтып жүрген ұғымдарымыздың көбісі баланы дұрыс түсінбеуден туындап жатады. Нақты мысалмен келтірсек, балалар 2 жасына жақындаған шағында «мен» деген сезім пайда болады. Яғни, бала 2 жасында «Мен өзім істеймін» дегенді шығарады. Не болмаса, анасы тамақтандырғанға тыныш отыра беретін бала, енді «жоқ, өзім жеймін» дейді. Қасыққа жармасып, өзі жегісі келеді. Немесе өзінің айтқанынан қайтпай, «өзім жеймін, өзім істеймін, өзім киінемін, жарықты мен өсіремін» деп барлық нәрсеге өзі ұмтылады. Ондай кезде біздің ата-аналар «өзі айтқаннан қайтпайтын, өз дегенін істетпей қоймайды. Не деген қырсық бала» деген балаға таңба тағады. Сондықтан ата-агаларға шыдамдылық танытқаны жөн.
Оған қоса, баланың неше жасында қанша сөз айтатынын нақты ешкім білмейді. Әр маманның өзінің ұстанатын ұстанымы бар. Бірақ көбіне 1 жас 6 айлық бала 10-15 сөз айтса, 2 жастан асқанда шамамен 300 сөз білуі керек. Ал үш жасқа қараған шағында 1000 сөздей білуі қажеті. Төрт жасында баланың дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады. Мектеп жасында, яғни 7-17 жас аралығында сөйлеу тілін саналы түрде игере алады. Өз ойын жеткізе алады.
Егер балаңыз таза сөйлесін десеңіз, артикуляциялық жаттығуды жасатыңыз. Оған күнделікті 5 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. Мысалы: «бақа» деп күліңіз, бала тек суретпен жаттай. Жалпы, жаттығулардың атын атаңыз да балаңызға өзіңіз жасап көрсетіңіз. Балаға кішкентай айна алып беріңіз, барлық жаттығу айнаға қарап жасалуы қажет. Әрбір жаттығуды 3 реттен жасаған абзал. Өсіп келе жатқан балаға 5 минут уақыт тауып, сөйлеуі тілін жаттыққан сайын баланың сөйлеуі түзеледі, тілі тез шығады.
Әсел Оразалинова, логопед
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024