27-02-23 |
1290 рет қаралған
БҰҰ Украинадағы әскери қылмысты тергеу барысын талқылайды.
БҰҰ Украинадағы әскери қылмысты тергеу барысын талқылайды

Женевада дүйсенбі күні БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Кеңестің жыл сайынғы сессиясы өтеді. Жиын аясында ресейлік әскерилердің Украина аумағында жасаған қылмыстарын тергеу барысы талқыланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ресейдің көрші елден әскерлерін дереу шығаруды талап ететін резолюцияны көпшілік дауыспен қабылдағаннан кейін ашылғалы отырған жиында негізінен Украинадағы соғыс тақырыбы талқыланады деп күтілуде.

Бұл сессия алты аптаға созылып рекордты жағдай орнамақ. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш ашылу рәсімінде алғы сөзбен шығады, одан бөлек 150-ге жуық елдің басшылары мен үкімет өкілдері сөйлейді деп күтілуде, оның ішінде АҚШ, Қытай, Украина мен Иран билігі бар.

Бейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков сөйлейді деп күтілуде. Өткен жылы Кеңес отырысында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзі көрсетіле бастағанда, көптеген дипломаттар залдан шығып кеткен.

«Ресей бұл залда өтыруға лайықты емес деп санаймыз. Біз соған сәйкес әрекет етеміз», – деді журналистерге Украинаның тұрақты өкілі Евгения Филипенко

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.