«Amanat» партиясының алдағы бес жылға арналған жоспарында Жаңаөзен қаласының қалаішілік жол сапасын жақсарту көзделген.
Бұл туралы бүгін депутаттыққа үміткерлердің өткізген агитациялық жиынында сөз болды.
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тимур Әбдіқадыров, Жанболат Тангиев пен Жұлдыз Мұхамбетқалиқызы Жаңаөзен қаласында болып, алдымен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымымен кездесті.
Қызметкерлер жиынға белсенді қатысып, бірнеше мәселелерді ортаға салды. Қала тазалығына мән берілмейтіндігін, көшедегі бұралқы иттердің қауіптілігін атап өтті.
Басты мәселе – жол сапасының нашарлығы.
Өз кезегінде, кандидаттар айтылған мәселе бойынша партия алдағы бес жылда жол сапасын жақсарту мақсатында Жаңаөзен қаласында, одан бөлек Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарында кемінде 600 км кентішілік және қалалық құрылыс, реконструкциялау және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етуді көздеп отырғандығын жеткізді.
Әрі қарай үгіт-насихат жұмыстары «KMG catrenіg» ЖШС мекемесінде жалғасты.
Қызметкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, алда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024