Қазақстанда небәрі екі айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 438 қылмыс тіркелген. Бұл – бір жыл бұрынғыдан 0,7%-ға артық көрсеткіш.
Finprom сарапшыларының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңінде осындай 435 қылмыс тіркеліп, жылдың көрсеткіш 8,5 пайыз өсімді құраған.
«Барлық қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың басым бөлігі Алматы мен Астанада: әр қалада 51 фактіден тіркелді (былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2% және 6,3%-ға көп).
Тізім басында Қостанай (бір жыл бұрынғы 21 жағдайға қарсы биыл 40 іс) және Түркістан (бір жыл бұрынғы 39 іске қарсы биыл 37 іс) облыстары және Шымкент (бір жыл бұрынғы 23 жағдайға қарсы биыл 36 іс) қаласы тұр.
Мұндай қылмыстардың ең азы Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында тіркелген», – дейді сарапшылар.
Қылмыстық сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың 37,4%-ын пара алу дерегі құраған: жыл басынан бері 164 оқиға тіркелген. Бұл бұл бір жыл бұрынғыдан 45,1%-ға артық көрсеткіш.
«Сондай-ақ қылмыскерлер арасында: пара алу (141 іс, былтырғыдан 6,6% аз), сыбайлас жемқорлық саласындағы алаяқтық (39 іс, минус 30%), бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру немесе жұмсау (24 іс, минус 42,9%) және пара алу бойынша делдалдық ету (22 іс – бір жыл бұрынғыдан бірден 4,4 есе көп) әеркеттері көп тіркелген», – дейді мамандар.
Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған тұлғалардың саны 301-ге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 25,4%-ға артық. Оның ішінде қылмыс жасаған 243 тұлға анықталды, оның ішінде 159 адамның ісі сотқа жіберілді.
«Мемлекеттік органдардың ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары жиі кездеседі: 43 адам, былтырғы екі айда 15 адам ұсталған. Келесі кезекте әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (26 адам), Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (3 адам) және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері (3 адам), Денсаулық сақтау министрлігі (3 адам) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (сонымен қатар 3 адам) ұсталды», – делінген зерттеуде.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024