27-03-23 |
1450 рет қаралған
Сөзге келіп қалған жүргізушілер атысып тынды.
Сөзге келіп қалған жүргізушілер атысып тынды

Алматы базарларының бірінде сөзге келіп қалған жүргізушінің бірі қару қолданды.

Алматы қалалық ПД аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласының бетінен атқан», – делінген хабарламада.

Күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген “ИЖ” газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.