01-04-23 |
1950 рет қаралған
«Оны ұйымдастыруға біздің кейбір құрылымдардың қатысы болуы мүмкін».
«Оны ұйымдастыруға  біздің кейбір құрылымдардың қатысы болуы мүмкін»

Солтүстік Қазақстан облысындағы оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары сан түрлі ой-пікір жазып жатыр. Жария көзқарас білдірушілердің арасында зиялы қауым өкілдері де бар. Соның бірі – профессор Жамбыл Артықбаев.

«Солтүстік аймақтарда демографиялық ахуал қазақ пайдасына қарай өзгермей еш нәтиже болмайды, оңтүстік халқын бұл жерге тарту үшін жер мәселесі дұрыс шешімін табуы керек, латифундистер мен сыртқа кетіп қалғандардың қолындағы жерлер алынса мәселе өзінен өзі шешіледі.

Өкінішке орай бұл мәселе айтылады да қалады. 20 жыл бойы Солтүстікке көш бағдарламасының неге іске аспағанын талдауымыз керек, әлде әдейі,қастықпен, әлде салғырттықпен, сатқындықпен, әйтеуір себебін табу керек. Көкшкенде ауылымен, қауымымен көшіруді талап етуіміз керек.

Екінші бір назар аударатын мәселе бұл топ сепаратистік қозғалысқа ұқсамайды, ондай көзқарастың аржағында белгілі бір интеллектуалдар, тарихшылар тұрады, бұл жерде қарабайыр адамдар отыр, көбі күшпен әкелінген сияқты, Құдай біледі осылар корпорация деген сөздің мағынасын да білмейді, бұл жиын провокацияға ұқсайды, оны ұйымдастыруға біздің кейбір құрылымдардың қатысы болуы мүмкін. Біз де осы провокацияға еріп кетпейік», – деп жазады профессор.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.