Былтырғы жыл еліміз үшін саяси бағытта елеулі оқиғаға толы болды. Қаралы қаңтардан басталып, «Nur Otan» партиясы «Amanat»-қа ауыстырылып, ребрендинг жасалды. Артынан Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасап, Қазақстан конституциясына түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізілді. Қазақстанның саяси өміріндегі дүрбелең процестерінің арасында Ұлттық құрылтай да бар. Ақырында сайлай өтіп, еліміздің Президенті сайланды. Осы жағдайдың бәрі азаматтық қоғамның одан әрі дамуының жаңа перспективаларын ашты.
«АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының атқарушы директоры Жәмила Асанова азаматтық қоғам ұйымдары жаһандық сын-қатерлерді қабылдауды үйренуі тиіс деп есептейді.
Оның айтуынша, қазір елде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), кәсіптік одақтар, этномәдени және діни бірлестіктер, тәуелсіз БАҚ және т.б. кіретін азаматтық мемлекеттік емес сектор қалыптасты. Ресми деңгейде мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимыл ресми саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып танылды. Екіншіден, елімізде толыққанды азаматтық қоғам орнықты деп қалың жұртшылық бірауыздан келіспеуі мүмкін. Өйткені кейбірі елдегі азаматтық қоғам бар десе, енді бірі – оның қалыптасу процесі әлі аяқталған деп есептейді. Тағы бір топ – азаматтық қоғам бар, бірақ оған, яғни мемлекеттік аппараттың бюрократиясы мен қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігіне байланысты өзін әлі дұрыс көрсете алмай отыр деген ой бар.
– Сонымен қатар, қазіргі әлеуметтік-саяси ғылымда «азаматтық қоғам» деген ұғымының нақты анықтамасы не болмаса өлшеу критерийлері жоқ. Негізінен бұл жерде қоғам дамуының жоғары деңгейі меңзеп отыр. Бірақ ондағы барлық қатынастар мен процестердің бас кейіпкері – өзінің құқықтары, қажеттіліктері, мүдделері мен құндылықтары бар адам. Сондықтан қандай жағдай болмасын құбылыстың жай-күйі мен дамуы үшін ең жоғары жауапкершілік сол адамзаттың өзіне жүктеледі. Осыдан болар, ел ішінде инерция мен патернализм сезімінің басым болуы байқалады. Біріншісі, азаматтардың әртүрлі деңгейдегі қоғамдық өмірге белсенді қатысуын тежейді. Олар тұратын жеріндегі әртүрлі мәселелерді бірлесіп шешуден бастап, ел басқару процесіне дейін араласады. Екіншісі – адамдарды мемлекетке және оның органдарына олардың тәуелсіздігін шектейді. Сөйтіп, олардың өмірінің барлық дерлік мәселелері бойынша тәуелді етеді, – дейді «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының атқарушы директоры Жәмила Асанова.
Осы үрдістің барын мысалы «Қазақстан жастары – 2021» ұлттық баяндамасының негізін қалаған әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері растап отыр. Мәселен, «адамға көмек» пен қоғам ортасында беделінің артуы» тиісінше 13-ші (3,3%) және 16-шы (1,4%) орында тұр. Жастар арасында қоғамдық мүдеден гөрі өз басының және отбасылық мүдде басым болуы байқалады. Ал бұл өз кезегінде, олардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуы төмендегенін көрсетеді. Сол скебепті де олардың көбісі жастар ұйымдарының жұмысына (83,8%) және волонтерлік қызметке (52,9%) қатыспайды. Осыдан-ақ еліміздің қанша бөлігі жігерлі екенін көруге болады.
– Біріншіден, азаматтық қоғам ұйымдары жаһандық сын-қатерлерді қабылдап, оған қарсы тұра алуы керек. Орталық Азия үкіметтері мен Халықаралық даму институттары өңірлік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыра отырып, іске асыру барысында азаматтық қоғам ұйымдарын әріптестікке шақыруы маңызды. Өкінішке қарай, ҮЕҰ бұл бағдарламаларға мониторинг деңгейінде қатысады немесе пассивті бақылаушылардың функциясын ғана орандайды. Ендігіде әшейін жүзеге асуына қатысып қана қоймай, оның адамдарға тиер пайдасы болуы керек.
Екіншіден, кез келген жаңа дүниеге, жаңашылдыққа ашық әрі креативті қабылдай алуы керек. Мысалы, әлеуметтік инноваторлармен, әлеуметтік кәсіпкерлермен, азаматтық қоғам көшбасшыларымен, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен сұхбаттасу және халықаралық агенттіктердің заңдары мен есептерін зерттеу арқылы зерттеушілер әр елдегі әлеуметтік инновацияларды қолдайтын экожүйе, азаматтық кеңістікті қорғау және кеңейту үшін әлеуметтік инновацияларды ілгерілету бойынша ұсыныстар жасады. Мұндай құрылымдау нақты жағдайларды талдауды қолдана отырып, пилоттық әдістемені жасауға және зерттеушілердің азаматтық кеңістікті қорғау мен нығайтудағы әлеуметтік инновациялардың рөлі туралы гипотезасын тексеруге мүмкіндік берді. Осы әдістеменің арқасында бүгінде әлеуметтік инновациялардың рөлі төмендегені анықталды. Ал шын мәнінде, әлеуметтік инновациялар жағдайды жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі, – деді ол.
Осының бәрін ескере отырып, Қазақстанда азаматтық қоғам бар деп біржақты айтуға болады. Алайда оның дамуы әзірге ел ішінде белсенді емес. Қазақстанның қоғамдық өміріндегі азаматтық қоғам институттарының ықпалы қатты емес. Сондықтан азаматтық белсенділікті арттырудың және қоғам өкілдерін әртүрлі деңгейдегі өзекті міндеттер мен мәселелерді талқылауға тартудың тетіктері жеткіліксіз. Мүмкіндігінше көп адамда тарта білу керек. Онда да қызығушылықтары ортақ жандарды.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024