Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексеру жүргізу туралы талап жіберді.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда – делінген хабарламада.
Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.
Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді. Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда – делінген хабарламада.
Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында болады.
Arasha.kz
ФОТО: Тимур Батыршин
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024