Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті іс ҰҚК-ден берілгенін хабарлады. Жақияновқа қатысты қандай күдік бар екені туралы ақпарат жарияланбады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу бастады.
Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нен Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновқа және басқаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өндіріске қабылдады. Тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, – делінген ведомствоның жауабында.
Ғалымжан Жақиянов 1994-1997 жылдары Семей облысының әкімі болды, одан кейін аз уақыт Стратегиялық ресурстарды бақылау агенттігін басқарды.
1997-2001 жылдары Павлодар облысының әкімі қызметін атқарған.
2001 жылы Жақиянов 2018 жылы Астана соты экстремистік ұйым деп таныған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігін құруға қатысқан.
2002 жылы Жақиянов билігін асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға сотталған. Ол кезде экс-әкім мемлекетке 116 мың доллар көлемінде залал келтіргені айтылған.
2006 жылы Жақиянов шартты түрде бостандыққа шығып, бірнеше жыл шетелде өмір сүріп қайтты.
Arasha.kz
ФОТО: orda.kz
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024