Қазіргі Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың осы күзде болжанып отырған отставкасынан кейін Үкіметті кім басқаратыны талқылана бастады. Үкіметтің доғарысқа кететін уақыты да айтыла бастады: 5 қыркүйек. Ал жаңа үкімет басшысына канидаттар: Ерболат Досаев, Нұрлан Ноғаев, Ерлан Қошанов, Ерлан Жамаубаев, Серік Жұманғариндердің аты аталып отыр. Бұл кандидаттар Назарбаев кезеңінен келе жатқан кадрлар. Тісқаққан, ысылған, жүйенің қалай жұмыс істейтінін біледі, сол жүйенің түрлі саласында өз адамдары, топтары, мүдделестері бар. Бәрі де бақуатты адамдар. Үкіметке бұл адамдардың қайсысы келсе де экономиканы реттей ала ма? Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыра ала ма? Басты сұрақ – осы. Біздің ше, Ақорданың экономика жөніндегі кеңесшілер тобы, президент әкімшілігінің экономикаға жауапты секторларының мықты бағдарламасы болған күннің өзінде қазір аталып жатқан кандидаттардың ешқайсысы қазіргі экономикалық жағдайды әртараптандырып, жаңа кезеңге шығара алмайды. Себебі, бұл шенеуніктер бұған дейін көптеген лауазымды, шешуші қызметтерде болса да айтарлықтай, күткендей жұмыс нәтижесін көрсете алмаған. Ал үкіметке мүлде жаңа адам әкелуге билік дайын ба? Жауабы анық – дайын емес. Демек бұрынғы әлеуметтік-экономикалық курс жалғасады. Ал оның ақыры – белгісіз.
Шын айту керек, Ақорда кезекті рет кадр тапшылығына кезігіп отыр. Жаңа дем беріп, басқаша көзқараспен жұмыс істей алатын адам болмағандықтан, ескі резервті қопарып, «Қошанов-Ноғаев-Досаев» триосынан Нұрлан Ноғаев кандидатурасын дұрыс деп тапқан сияқты. DALA INSIDE дереккөзі, Ноғаев соңғы рет Мемлекет басшысына кіргенде, осы мәселелердің де сөз болғанын хабарлады.
Нұрлан Ноғаев – Маңғыстау облысының әкімі, «полевой» санатына кіретін стандартты саяси қайраткер. Қазақстанда саяси қайраткерлер екі санатқа бөлінеді: аппаратты және полевой. Аппараттылары тек кабинет арқылы өскен, далаға шықпай жиналыста жүретіндері.
Мысалы, Әлихан Смайылов бұрын Қаржы министрі болғандықтан (бюджет, түрлі жиналыстар) ол аппаратты санатқа жатады. Ал полевойлары – жер-жерді аралайтын, халықпен кездесетін белсенді шенеуіктер. Оның жарқын өкілі марқұм Бердібек Сапарбаев болатын.
Ноғаев дәуірі
Бұл кезеңде бірдеңе керемет өзгеріп кетеді деп айтуға келмес еді. Жағдайды ушықтырмай, басу айтып, тұрақтандыру міндеті тұрса – Ноғаев ол үшін таптырмайтын тұлға. Оның бітімгершілік қасиеті бар. Бірақ ол жоқтан бар жасап, Қазақстанды Айға ұшырып жібере алатындай инноватор емес. Сондықтан Ноғаев дәуірі Сағынтаев, Мамин, Смайылов дәуірлерінен айтарлықтай ерекше болады деп болжау күлкілі. Бір сөзбен айтқанда, сол қалпы қала береміз.
Бір нәрсе анық. Ноғаев су проблемасы бар жерлерге барып, негізінен сумен айналысады. Ноғаев Премьер болса, онда Қазақстанда алдағы 5 жылда орасан су тапшылығы, мұздықтардың еруі, Каспий теңізі мен Балқаш көлдерінің тартылуы, Сырдария апаты сынды проблемалар басталып, жаңа премьер осы кесапаттармен күресе бастамақ.
Әрине, Нұрлан Асқарұлы өзі барып барлық суды ішіп қойып жүрген жоқ, тек оның өмірдегі кармасы осы суға қатысты сияқты.
Arasha.kz
ФОТО: aikyn.kz
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024