«Сапырлысқан сандар мен әдемі жазулар шындыққа негіз бола алмайды. Шындық адамдардың көзқарасында, олардың тыныс-тіршілігінде» депті бір ғұлама ойшыл. Айтса айтқандай, қоғамдық өлшемді санмен емес сапамен таразылайтын тұсқа келіп тұрмыз. Қоғам мен адам бөлінбес егіз ұғым. Тұтас түсінік екені тағы бар. Бір адамның қателігі мен күйзелісін бар отбасының күйреуі деген ұғым болмауы және қажет.Құқық қорғау саласының жұмысын Кеңес кезеңінен бері санмен таразылау ұғымы қалыптасқан. Сан қуалаушылық сапаны тұқыртып, кері шегеруге апаратын құбылыс. Кеңес заманындағыдай миллиардтар мен миллиондарды қуалайтын «көтен зорлық» халықты қалжыратып ішкі гармонияны қожыратып алуы ықтимал жайт. Жалпы тәртіп туралы сөз қозғағанда ең алдымен тәртіпке шақырушы еске түседі. Тәртіпке бағынушы мәселесі соңынан қозғалатыны ежелгі әдет. Халық қалыптан шықпасын делік.Ол бір тыныш қана жағаға ұмтылған теңіз іспеттес тіршілік иелері. Қылмыстық жағдайды толқындататын әлеуметтік мәселе мен саяси сипат.
Ықылым заманнан бері халық пен тәртіп сақшысы арасында әйтеуір алшақтық бар. Оның себебі мен салдары неден деген сауалға дәл солай деген нақты тұжырымды кесіп айту қиын. Менің ұғымымша халық арасында кейбіреулер тәртіп сақшысын құбыжық етіп көрсетуге машықтанып алған. Баяғыда бала күнімізде үлкендер тезге көне қоймасақ «ойбай, әне Сатыбай келе жатыр» деп қорқытатын. Расымен оның аты естілгенде «бесіктегі бала» демін ішіне тартатын. Біздің санамызда Сатыбай «әзірейлідей, жаналғыштай» бейнемен елес беретін. Сатыбай дегеніміз Сарыжаз ауылында 1979-88 жылдары учаскелік милиция уәкілі болған. Рас қатал болды. Қатты кеткенін естімедік. «Тәртіп бәріне ортақ» принцпін алға тартатын сол кісіні бірулер көзінше мақтап, сыртынан сайқымазақтап жүрді. Пенделігі болса болар. Алайда тәртіпті өз меншігім деп түсінетіндер Заң адамын түсінуге келгенде тіксінетін қалып танытады. Қоғамда да солай, формалы адам мен жай азаматтар арасында әйтеуір бір өткел ор бар сыңайлы. Жасырып жабары жоқ, тәрбие тал бесіктен демекші, халық өзіне қалқан болар ұлдарын бұғанасы қатпай тәрбиеге идіруі тиіс. Кезінде әскерден соң бос сабылып жүрген ұлды ата-анасы «екі қолға бір күрек» ұғымымен «құры жүргенше милицияға тұра салсайшы, кейін шыға саласың…» деп көндіретін.
Рас, Кеңес уақытынан бері кадр мәселесі түйінді қалыпта келеді.Әскерден келген соқталдай жігіттер милицияға тұрған соң қарапайым азаматтарға азу көрсете бастайды. Әлімжеттік пен билік құмарлыққа иін қандырған ұрпақ бүгінгідей уақытта қайтқан беделді қайтарып алуға көп күш салдыруда. Кадр мәселесінің қиындықтары сол, бұрынғы сақа мамандардың зейнет демалысына кетуі немесе мерзімінен бұрын қызметтен қол үзуінен жас қызметкерлердің қалыптасуына шыңдалуына жете көңіл бөлінбейді. Әйтеуір нан тауып жесем болды деп қызметке тұра салғандар қиын сәттерде тауы шағылып қалатыны жасырын емес. Халық пен полиция арасындағы ауыр қақтығыс «Шаңырақта» тіркелгені бәріне мәлім.Түрлі көзқарастағы ұйымдар мен топтар таратқан негізссіз пікірлер тағыда халық алдындағы полиция беделіне нұқсан келтірді. Халық арасындағы бұзақы қылмыстық топ өз міндетін атқаруға келген жас қызметкерді айуандықпен өлтірді. Ол жүгенсіз жүйенің құрбанына айналды. Осыдан соң полицияның қарапайым жұрттан секем алуы, ал керісінше полицияға халықтың кегі тұтана бастағандай еді. Билік мұны бір жөнге салуға құлшынды. Ол қаншалықты нәтижелі болғанынан ешкім бейхабар. Күшпен халықты басып ұстау заманы келмеске кеткені анық. Өткен күндер қателігі келер күндерге ащы сабақ болса кәні…
Халық айтса қалып айтпайды. «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деуінің сыры дәл осы құқық қорғаушылар мен жұртшылыққа арналғандай.
Заң қоғам мен қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін тетік. Сол тұрғыда оның құралдары қуатты жұмыс істеп, жоғарыдан төменге төменнен жоғары қарай ықпал ете алатындай болғанда ғана, тәртіп орнығып, құқық бұзушылық айылын тарта түсеріне кәміл сенуге болады.
Өткен жылға өкпе айтуға болмас. Табыс болса келер күнге азық. Қателік болса алғы уақытқа ащы сабақ. Ұлы Қытайдың Конфуций ілмінде қытайларға: Сен бір ғасырда бір қадам алға жылжысаң ол үлкен жетістік деген екен. Артымызға қарамай алға қарай асығыс аттап,соңымызға тарихқа сор болатындай сорақылықтарды қалдырмауымыз қажет.
Арман Жусанбай
ІІО-ны зейнеткері,
Журналист
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024