23-11-23 |
2580 рет қаралған
Бір облыстың бюджетінен көп. Президент әкімшілігі келесі жылға 213 млрд теңге жұмсайды.
Бір облыстың бюджетінен көп. Президент әкімшілігі келесі жылға 213 млрд теңге жұмсайды

Президент әкімшілігі мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру үшін бір жылға 213,7 млрд теңге жұмсамақшы.

Президент әкімшілігі 2024 жылы 213,7 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл сома бүкіл Ұлытау облысының бюджетінен көп.

Бұл соманың қаншалықты көп екенін түсіну үшін біз оны қалалық және облыстық бюджетпен салыстырдық. Мәселен, 367 мың адам тұратын Павлодар қаласының бюджеті 230,9 млрд. Ал Ұлытау облысының бюджеті 2023 жылы 144,5 млрд теңге болған.

Президент әкімшілігі бұл қаржымен, яғни 213,7 миллиард теңгемен не істейді деген сауалдың жауабы мынадай:

Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, орман мен жануарлар дүниесін қорғау, Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыру, көлік паркін жаңарту және ПІБ объектілерін салу және қайта жаңарту.

Arasha.kz

ФОТО: Ақорда

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.