Астанада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Адам құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық нормалар қаралған кездесуге Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдерін, түркі мемлекеттерінің Омбудсмендерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын және басқа да сарапшылар жиылды.
Конференцияға қонақтарын Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қарсы алды. Спикер форум БҰҰ-ның «Адам құқықтары 75» жаһандық бастамасын қолдау мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.
«Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы құндылықтарының орасан зор әлемдік маңыздылығын, олардың еліміздің және бүкіл адамзаттың дамуындағы рөлін, құқық қорғау мекемелерінің жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесін ескере отырып, біздің конференция жұмысын Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құптады», – деді ол.
Ол орайлы сәтте былтыр жүргізілген конституциялық реформаның рөлін құқық қорғау институттарын нығайтуға септескенін атап өтті.
«Бізге адам құқықтарын сот арқылы қорғаудың тиімділігі аса маңызды болып көрінеді. Әділ сот ісін жүргізу құқығы адамның негізгі құқықтарының бірі саналады. Адам құқықтарының қорғалу дәрежесі және оның тұтастай алғанда құқықтық шаралардың тиімділігін қабылдауы ұлттық сот рәсімдерінің қоғамның халықаралық стандарттары мен үміттеріне сәйкестігіне байланысты», – деді Омбудсмен.
Осы күні Мемлекет басшысының атынан ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Рогов Игорь Иванович құттықтау сөз сөйледі:
«Соңғы жылдары біздің елімізде демократия мен құқық үстемдігінің құндылықтарынан туындайтын ауқымды өзгерістер жүзеге асырылды. Жүргізілген реформалардың нәтижесінде биліктің заңнамалық тармағы күшейтілді, сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілді. Өлім жазасын толығымен жою маңызды қадам болды. Конституциялық сот өз жұмысын бастады, оған қазір барлық азаматтар тікелей жүгіне алады. Омбудсменнің өкілеттіктері едәуір кеңейтілді, оның әр өңірде өкілдіктері пайда болды.
Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту, елде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті және кешенді жұмысты жалғастырады. Бұл біздің мемлекеттік саясатымыздың негізгі басымдықтарының бірі»,– деді ол.
Құттықтау барысында ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Асимова Эльвира да сөз сөйледі:
«Биылғы жылы Адам құқықтары тақырыбының өзі «баршаға қадір-қасиет, теңдік және әділеттілік» ұранымен сүйемелденетінін атап өткім келеді және бұл іске асырылып жатқан жобалардың басында тұрған жұмысты көрсетеді. Тәжірибе көрсеткендей, кез-келген экономикалық, әлеуметтік жоба әрдайым қоғамның және белгілі бір адамның мүдделерін ескеру қажеттілігімен бірге жүреді».
Конференцияны ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) ұйымдастырды.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024