03-01-24 |
22480 рет қаралған
«Алматыэлектротранс» компаниясының бұрынғы басшысына іздеу салынды.
«Алматыэлектротранс» компаниясының бұрынғы басшысына іздеу салынды

«Алматыэлектротранс» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Берікхан Мұрзакаримовке іздеу жарияланды.

«Мұрзакаримов Беріхан Қабиұлы. Сегіз күннен бері іздеуде жүр» делінген Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланған Мурзакаримовты іздеу картасында.

Құжатқа сәйкес, тергеу ісі 2023 жылы 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚБҚА) бастамасымен Алматы қаласында тіркелген.

Іздестіру жұмыстарын Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Алматыда «Автобус зиратының» пайда болуы «Алматыэлектротранс» компаниясымен байланысты екендігі айтылған. «Алматыэлектротранс» ЖШС-і Айдын мен Гауһар Омаровтарға мемлекеттік келісімшарттар бойынша бір көзден жүздеген миллион теңге төлеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.