Жетісу облысы Ақсу аудандық соты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таржға салу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.
Жетісу облысы Ақсу аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматша Д. Ақсу ауданының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (балабақша, МКҚК) бухгалтері лауазымында жұмыс істеген. МКҚК-да жұмыс істеген кезде балабақшадағы топтардың жетпеуіне байланысты қызметкерлерге еңбекақы төлеуге бөлінген ақша қаражатын үнемдеу қалыптасқан.
«Д. бухгалтер бола жүріп, МКҚК-дегі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 жылғы қаңтар айынан бастап «Онлайн банкинг» банк жүйесінде төлем тапсырмаларын орындау жолымен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дан өзінің карточкалық шотына ақша қаражатын жөнелткен. Қылмыстық іс-әрекет осындай жағдайлар бойынша 2023 жылдың ақпан айына дейін жалғасқан», – делінген хабарламада.
Сот-экономикалық сараптаманың қорытындыларына сәйкес – азаматша Д. жалақы түрінде 2021 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде өзінің есеп шотына шамамен 39,5 миллион теңге аударған. Баптың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
«Айыпталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен расталды. Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды – кінәні мойындауын, шын жүректен өкінуін, залалды ішінара өтеуін және онкологиялық ауруының болуын ескере отырып, ҚК-ның 189-бабының 4-тармағының 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Д.-ны кінәлі деп таныды және оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.
Жәбірленушінің 38,5 миллион теңге сомасы көлеміндегі талап қоюы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енбеген.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024