Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Қызылшаға қарсы вакцинация нәтижелері туралы Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Бейсенова Сархат Сағынтайқызы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Досмырзаева Гүлназ Төленқызы мен «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Турдалина Баян Рысбекқызының қатысуымен брифинг өтті.
Мамандардың айтуынша, елордада қызылша ауруының тіркелуі әлі де жалғасуда. Қаңтар айының басынан бастап елордада қызылшаның 1890 бастапқы және 532 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 381 жағдай. Науқастардың 68 пайыздан астамы бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Желтоқсан айымен салыстырғанда бір жасқа дейін, бір және екі жас аралағындағы балалар арасында ауру жұқтырудың төмендеуі байқалады. Оған басты себеп жаппай иммундау. Керісінше ересектер арасында қызылша ауруын жұқтырудың өсуі байқалады.
Бүгінгі таңда 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларды қызылшаға қарсы екпемен қамту 56,1 пайызды немесе 13 473 баланы құрады және 2-4 жастағы балалар арасында 75,9 пайызды немесе 59 205 баланы құрады.
Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 7-18 жас аралығындағы бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 13678 бала иммундау шеңберінде қамтылды.
Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханадан вакцинация алуға болады. Жоспарлы вакцинациядан өзге, бұрын-сонды вакцинация алмаған адамдар сырқаттанған адаммен байланыста болған жағдайда шұғыл түрде қызылшаға қарсы екпе алуға мүмкіндігі бар. Екпе науқаспен байланыста болғаннан кейін 72 сағат ішінде жасалуы керек.
Дәрігерлер жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және қызылша ауруларына медициналық көмек көрсету үшін емханаларда сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері және демалыс күндері сүзгі кабинеттері жұмыс жасайтынын еске салды. Сондай-ақ, вакцинация кабинеттері жұмыс күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін және демалыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жазылусыз жұмыс істейді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024