16-02-24 |
13090 рет қаралған
Екібастұзда ГРЭС-2-ні жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған.
Екібастұзда ГРЭС-2-ні жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған

Екібастұз ГРЭС-2-ні жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған болып шықты, деп хабарлайды Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтаған.

«Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.