19-02-24 |
7800 рет қаралған
Үлбі өзенін ластаған «Казцинк» ЖШС-не 50 млн теңге айыппұл салынды.
Үлбі өзенін ластаған «Казцинк» ЖШС-не 50 млн теңге айыппұл салынды

2024 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластануына байланысты «Казцинк» ЖШС-нің Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті атап өткендей, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті.

«Сондай-ақ, тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды», – делінген хабарламада.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Казцинк» ЖШС-не 50 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2023 жылдың 20 желтоқсанында Атырау облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін екі ірі жер қойнауын пайдаланушыға 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынғаны белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.