Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин аталған заң жобасына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, бұл құжат Президенттің былтыр күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленді.
«Жалпы, осы жобаға сәйкес түрлі заң актілеріне 70 түзету енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде, отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді, сондай-ақ тұрмыс саласындағы қылмыстар және балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейтуді атап өтуге болады.
Мәселен, адамды ұрып-соққаны, денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені, азаптап-қинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді және күшейтілді.
Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және алдын-алуға бағытталған бірқатар шара көзделген», – деді Е.Қарин.
Заң жобасын депутаттар мемлекеттік органдармен, сарапшылар қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әзірледі.
Бұл құжатты дайындауға Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева белсене атсалысты.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024