23-02-24 |
1660 рет қаралған
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ МЕН ҚАТЕРІ.
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ МЕН ҚАТЕРІ

Еліміздің Конституциясына 2022 жылы енгізілген өзгерістердін ішінде мен екеуіне тоқталып мағынасын айтайын. Біріншісі барлығымызға керек өте пайдалы норма болса, екіншісі керісінше мемлекеттік басқару қағидасына кері әсерін тигізетін кереғар қауіпті толықтыру. Енді осыны негіздеп дұрысы мен бұрысын көрсетейін.

  Бастысы мен қолдап референдумға барған Ата заңға енген өзгеріс ол 6-баптағы «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі» – деп бекітілуі. Демек осыған сәйкес сіз бен біз, барлық Қазақстан азаматтары жердің астындағы да үстіндегі де мол байлықтың иесі болып шықтық. Алайда көпшілік бұл оң өзгеріске әлі де мән бермеуде, өйткені пайдасын «қалтасында» сезінбеді.

Себебі осы уақытқа дейін Үкімет, Парламент 6-баптағы ерекше елге пайдалы норманы дамыту қолдану жайлы заңдарды әлі де қабылдамақ түгіл, дайындау жайлы сөз айтпады.

Осы табиғи байлықтар  ресурстар халыққа тиесілі деген жаңаша бастаманы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтуда, бірақта неге екені белгісіз билік бұл басты заңды ширатып анықтап құқықтық реттеу жолын әлі де жасамады.

Егер де заңдармен халықтың нақ меншік иесі екені белгіленіп қадағалауы, әркімнің өз ұлесін алу жолдары көрсетілсе, туған Ел мен жерге жанашырлықпен, үнемділікпен, сүйіспеншілікпен қарау патриотизм артады деп ойлаймын.

Екіншісі Конституцияның 61-бабында Республика Үкіметі заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды делінген өзгеріс. Бұл  Ата заңның 3- бабындағы мемлекеттік билікті басқару принципі заң шығарушы, атқарушы  болып бөлінуіне тежемелік әрі тепе-теңдікке қарсы қабылданған норма. Демек мемлекеттік басқаруда кез келген уақытта түсініксіз кикілжіндер пайда болып, арты дауға айналуы мүмкін. Қорытындылай келе айтарым Конституцияға 2022 жылы асығыстықпен жасалған толықтыруларда басқа да шикіліктер бар, сондықтан әлі де жуық арада Ата заң өзгере жатар…

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.