10-04-24 |
9330 рет қаралған
Бишімбаевтың адвокаттары эксперттің Нүкенованы қылқындырған болуы мүмкін деген сөзіне қарсы.
Бишімбаевтың адвокаттары эксперттің Нүкенованы қылқындырған болуы мүмкін деген сөзіне қарсы

Бишімбаевтың адвокаттары сот-мед сараптама эксперті Тахир Халимназаровтың қорытындысына келіспейді. Олар эксперттің Бишімбаев Нүкенованы қылқындырған болуы мүмкін деген сөзіне қарсы.

Айыпталушының адвокаттары эксперт «барлық сұрақты алдын ала білді, оларға жауабы болды, дайындалып келді, сот залына мәнекен әкелді» деді. Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Нүкенованың жарақаттарын мәнекенге салып көрсетуге прокуратура ынта білдіргенін айтты.

Бишімбаевтың адвокаттары сотқа бірінші сараптама қорытындысын шығарған эксперттерді шақырғысы келді, бірақ судья Айжан Құлбаева Халимназаровтың қорытындысы бірінші сараптамаға қайшы келмейтінін айтып, адвокаттардың өтінішін қабылдамады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.