18-12-18 |
4980 рет қаралған
БҰҰ-ның Ресейге қарсы Қырым резолюциясы: Қазақстан қалыс қалды.
БҰҰ-ның Ресейге қарсы Қырым резолюциясы: Қазақстан қалыс қалды

17-желтоқсанда БҰҰ Ресейге қарсы Қырымды  милитаризациялау туралы резолюция қабылдады. Резолюцияны 66 мемлекет қолдап, 19 ел қарсы шығып, 72 ел қалыс қалған. Қарсы дауыс берген елдер арасында Армения, Белоруссия, Өзбекстан бар. Қазақстан мен Қырғызстан қалыс қалған. Ал Әзербайжан, Тәжікстан, Түркіменстан дауыс беруге қатыспаған.

Резолюцияда «БҰҰ бас ассамблеясы РФ басып алушы держава ретінде Қырымнан әскери күшін әкетіп, Украина территориясын уақытша оккупациялауын дереу тоқтатуға шақырады» делінген. Ал Ресейдің өкілі Дмитрий Полянский болса резолюцияны «Украинаның ойлап тапқан аса қауіпті дүниесі» деп сипаттап, «Қырым Ресейдікі болған және бола береді» деп мәлімдеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.