Украина бас прокуратурасы қазақстандық журналист, белсенді Айдос Садықовқа қастандық жасалғанын хабарлады.
«Алдын ала жасалған болжам бойынша, қолына тапанша ұстаған белгісіз адам зардап шеккен азамат пен оның әйелі отырған көлікке жүгіріп келіп, ер адамға оқ атып, бірден қашып кеткен», – делінген Украина бас прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып,Укрина ұлттық полициясы бас басқармасының тергеушілері тергеп жатыр. Ал зардап шеккен Айдос Садықов ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Украина бас прокуратурасының мәліметінше, Айдос Садықов пен Наталья Садықова екеуі 2014 жылдан бері Украинада тұрады, оларға босқын мәртебесі берліген.
Айдос Садықов 2010 жылға дейін сол кездегі «Азат» жалпы-ұлттық социал демократиялық партиясының Ақтөбе филиалының жетекшісі болды. Сол жылы ол бұл партиядан кетіп, «Гастат» аталатын қоғамдық қозғалыс құрды. Ол қозғалыс қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында тәуелсіз кәсіподақтардың құрылуына мұрындық болды. Садықов мұнайшылар құқығының бұзылмауын талап еткен акциялар өткізіп көзге түскен.
Кейін Садықов та елден кетіп, әйелі Наталья Садықова екеуі Киевте тұрған. Олар 2014 жылы «Бәсе» деп аталатын Youtube канал ашып, билікті сынайтын, биліктегілердің жемқорлыққа қатысы бары туралы видеолар жариялай бастаған.
Қазақстан ерлі-зайыпты Наталья және Айдос Садықовтарға іздеу жариялаған.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024