Былтыры 35 мың 215 қытай азаматы Қырғызстанға келіп, олардың 34 мың елдеріне қайтқан. Ал 2017 жылы 41 мың қытай азаматтары көрші елге келген екен. Бұл туралы Қырғызстанның бірінші вице-прьемері Құбатбек Боронов сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында айтқан деп жазады kyrtag.kg. Оның айтуынша, былтыры 24 мың 836 қытай азаматтары тіркелсе, 2010-2018 жылдар аралығында 286 қытай азаматы Қырғыз азаматтығын алған. Оның 171 – этникалық қырғыздар, 9 – өзбек, 72 – ұйғыр, 9 – дүнген, 1-қазақ және 6-ы қытай. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық қырғыз студенттері Қытайда білім алып жатса, 2 мыңға жуық қырғыз азаматтары Қытайдың Қырғызстандағы кәсіпорындарында жұмыс істеп жүрген көрінеді.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024